Ұлттық ұланда жылжымалы асхана ашылды
Жаңа жабдық ұсынылды
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінде IVECO шағын автобусының базасында жылжымалы асхана жабдықталды. Автокөлік стационарлық асхана жоқ далалық және қызметтік жағдайларда әскери қызметшілерді тамақтандыруға пайдаланылатын болады.
Мұндай шешімнің қажеттілігі Қазақстанның континенттік климатының ерекшеліктеріне, әсіресе күзгі-қысқы кезеңге байланысты туындады. Жылжымалы асхана қызметтік міндеттерді орындау кезінде әскери қызметшілер үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Ішкі құрылымы
Шағын кеңістік жеке құрамның күнделікті қажеттіліктерін ескере отырып өзгертілді. Мобильді тамақтану орны алты адамға арналған және азық-түлікті сақтауға, дайын тағамдарды жылытуға мүмкіндік береді.
Салонда төмендегі жабдықтар орнатылды:
- алынбалы шкаф;
- микротолқынды пеш;
- электр шәйнек;
- үстел.
Гигиена және оңтайлы пайдалану
Гигиена ережелері де ескерілген. Шкафта екі контейнер бар: біреуі қолды жууға қажетті таза су үшін, екіншісі пайдаланылған суды жинауға арналған. Тұрмыстық жабдықтар инвертор арқылы электр қуатымен қамтамасыз етіледі.
Мобильді асхананы құру кезінде микроавтобусты мақсатына сай пайдалану мүмкіндігін сақтау маңызды болды. Сондықтан барлық жабдықтар корпусты бұрғыламай штаттық бекітпелерге орнатылды. Бұл артқы есіктерді ашуға және жүк бөлімін пайдалануға кедергі келтірмейді, сондай-ақ азық-түлік пен керек-жарақтарды еркін жүктеуге мүмкіндік береді.
Қайта пайдалану мүмкіндігі
Шешімнің тағы бір артықшылығы — көлікті бастапқы күйіне тез қайтару мүмкіндігі. Асхананың барлық элементтері алынбалы. Қажет болса, оларды бөлшектеуге және стандартты орындықтарды орнатуға болады.
Келеңді жоспарлар
Қазір мамандар жаңа шешімнің практикалығын және қызметтік міндеттерді орындау кезінде қолдану мүмкіндігін бағалауда. Егер пилоттық жоба өзінің тиімділігін растайтын болса, жылжымалы асханалар құқықтық тәртіп әскерінің басқа әскери бөлімдерінде де пайда болуы мүмкін. Бұл стационарлық инфрақұрылым қолжетімсіз жағдайларда жеке құрамды тамақтандыру мүмкіндіктерін кеңейтетін болады.
Дереккөз: gov.kz



