Білім

Жасанды интеллектіні орта білім беру жүйесіне енгізу жобасы Тоқаевқа таныстырылды

AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу жобасы таныстырылды. Жұмыстың қазіргі барысы туралы да баяндалды.

Президент білім сапасын арттыру және қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты қысқарту туралы тапсырма берген болатын. Осы тапсырманы орындау үшін жасанды интеллект мүмкіндіктерін оқу үдерісіне жүйелі түрде енгізуге ерекше көңіл бөлінуде.

Жобаны Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова және Sinovation Ventures пен 01.ai компанияларының бас атқарушы директоры Ли Кай-Фу таныстырды. Олар жасанды интеллект технологияларын мектепте қолданудың негізгі тәсілдері мен мүмкіндіктерін айтты.

Жоба үш мақсатты көздейді: мұғалімдердің жұмысын қолдау, оқытуды әр оқушының жеке қажеттілігіне бейімдеу және ауылдық, шағын жинақты мектептерде сапалы білімнің қолжетімділігін арттыру. Негізгі қағидат бойынша, жасанды интеллект мұғалімнің орнын баспай, оның кәсіби мүмкіндігін кеңейтетін және білім сапасын жақсартуға көмектесетін құрал болуы тиіс.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button