Қоғам

Абай облысында қоқысты белгіленбеген жерге тастаған 27 жастағы тұрғын аумақты тазалады

Абай облысында полицейлер әлеуметтік желілерге жүргізген мониторинг кезінде құрылыс жұмыстарынан кейінгі қоқыс қалдықтарының ретсіз шашылып жатқанын көрсететін бейнежазбаны анықтады. Ақпарат бойынша жедел шара қабылдаған полиция қызметкерлері қоқысты белгіленбеген жерге тастаған 27 жастағы қала тұрғынын тапты.

Полицейлер азаматпен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, абаттандыру қағидаларын сақтау қажеттігін ескертті. Тұрғын өз әрекетінің салдарын түсініп, шашылған қоқысты өзі жинады және аумақты толық тазалады.

Полиция азаматтарды қоршаған ортаның тазалығын сақтап, қоқысты белгіленбеген жерлерге тастамауға шақырады. Сондай-ақ елді мекендердің тазалығына жауапкершілікпен қарау қажет. Тазалық — ортақ міндет, ол әр адамның өзінен басталады.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button