Бозоқ қалашығын зерттеу бағыттарын Қазақстан мен Түркия ғалымдары талқылады
«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Түркия Республикасының Соргун қаласынан келген делегация өкілдерімен кездесу өтті. Жиында Бозоқ қалашығын зерттеу аясындағы ғылыми ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралды.
Тараптар бірлескен зерттеулер жүргізу, тарихи және археологиялық материалдарды зерделеу жайын талқылады. Сондай-ақ Қазақстан мен Түркия ғалымдарының тәжірибе алмасу мүмкіндіктері сөз болды. Бұдан бөлек, қалашықтың тарихи-мәдени құндылықтарын кеңінен насихаттау, оны терең зерттеу және ғылыми байланысты жалғастыру мәселелері айтылды.
Сапар барысында қонақтарға ашық аспан астындағы Ұлттық парк жобасы бойынша атқарылған жұмыстар таныстырылды. Делегация өкілдері жобаны одан әрі дамыту жоспары туралы ақпарат алды.
Дереккөз: gov.kz



