Мәдениет

«Салтанат» ансамблі Бейжіңдегі Canal Arts Fest фестивалінде қазақ биін көрсетті

«Салтанат» мемлекеттік би ансамблі 24-27 қыркүйек аралығында Бейжіңнің Тунчжоу ауданында өткен IV Beijing International Canal Arts Fest халықаралық өнер фестивалінде Қазақстан атынан өнер көрсетті. Қазақстан бұл шараға алғаш рет қатысты.

Биылғы фестивальге 13 елдің өнерпаздары жиналды. Сахнада Норвегия, Жаңа Зеландия, Таиланд, Франция, Германия, Румыния, АҚШ және басқа елдердің музыканттары мен бишілері өнер көрсетті. Барлығы 14 өнер ұжымы қатысты, олардың құрамында Қытайдан және шетелден келген 70-ке жуық әртіс болды.

«Салтанат» ансамблі 12 би нөмірін ұсынып, қазақтың салт-дәстүрін, тұрмыс-тіршілігін және мәдениетінің өзіндік сипатын көрсетті. Фестиваль қазақ би өнерінің халықаралық сахнадағы орнын көрсетіп, Қазақстан мен Қытайдың мәдени ынтымақтастығын нығайта түсті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button