Қоғам

Үш ұрпақ – ортақ мұрат: Астанада Халықаралық қарттар күніне арналған фестиваль өтті

Астанадағы «Жетісу» паркінде Халықаралық қарттар күніне орай «Үш ұрпақ – ортақ мұрат» республикалық фестивалі өтті. «Әділет» партиясының Астана қалалық филиалы ұйымдастырған шараға 250-ден аса адам қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараға «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары Ержан Жылқыбаев, Республикалық ардагерлер ұйымы орталық кеңесінің төрағасы Әбілғазы Құсайынов және Астана қалалық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Бақытжан Жүнісбеков қатысты. Олар ардагерлерді мерекемен құттықтап, шынайы ықыластарын білдірді.

Фестиваль барысында тоғызқұмалақ, шахмат және басқа үстел ойындары өткізілді, кейін концерттік бағдарлама ұсынылды. Шараның негізгі мақсаты — аға буынға қолдау көрсету, олардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуын қамтамасыз ету және жастар мен қариялар арасындағы сабақтастықты қалыптастыру болды.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button