Қоғам

Еңбек күні челленджі Астанада: еңбекқорлық пен мамандыққа құрметті дәріптеу

Астанада Еңбек күні челленджі басталып, бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады. Бастама жасампаз еңбек құндылықтарын дәріптеуге және әртүрлі мамандық иелеріне құрмет көрсетуге бағытталған.

Челленджке түрлі сала өкілдері, соның ішінде елорданың танымал мәдениет қайраткерлері қатысты. Қатысушылар еңбек адамның өміріндегі маңызын айтып, кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, еңбекқорлық, жауапкершілік пен өз ісіне адал болудың мәнін бейнежазбалар арқылы көрсетуде.

Еске салайық, Қазақстанда Еңбек күні қыркүйектің соңғы жексенбісінде атап өтіледі. Осы датаға орай Астанада адал еңбектің маңызын айшықтайтын және түрлі мамандықтарға құрмет көрсететін тақырыптық, мәдени және қоғамдық іс-шаралар өткізіліп жатыр.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button