Қоғам
Comic Con Astana қатысушылары «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде алаңдарды тазалады
Comic Con Astana 2026 халықаралық фестивалі өткен «Барыс Арена» және «Алау» мұз сарайы алаңдарында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында акция өткізілді. Іс-шара фестивальдің қорытынды күнінде ұйымдастырылды және оған елорда тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Фестивальдің қорытындысында сахнаға Тазабек кейіпкері шықты. Ол «Барыс Арена» сахнасында жүргізушімен бірге қатысушыларға тазалықты сақтау және қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңызын еске салды.
Негізгі бағдарлама аяқталған соң Comic Con Astana қатысушылары мен елорда тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясына қосылып, фестиваль алаңдарында тазалық жұмыстарын жүргізді және қала тазалығын сақтауды қолдады.
Дереккөз: gov.kz



