Қоғам

Қ. Мұхамедханов көшесі: 24–27 шілде аралығында ішінара жабылады

Астанада 24–27 шілде аралығында Қ. Мұхамедханов көшесінің Ш. Айтматов көшесінен Қорғалжын тасжолына дейінгі учаскесінде жол жабынының үстіңгі қабатын төсеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты көлік қозғалысы аталмыш жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады. Жұмыс барысында көшеде шектеулер мен уақытша тұрақтар болуы мүмкін.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүріс бағытын алдын ала жоспарлап, жолдағы ықтимал өзгерістер мен белгіленген шектеулерді ескеруі сұралады.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button