Қоғам

Астанада Алматы көшесінде тоннель құрылысы: бірнеше учаске уақытша жабылады

«Мәңгілік Ел даңғылынан Сауран көшесіне дейінгі аралықта Алматы көшесі бойымен көлік тоннелін салу» жобасы шеңберінде әкімдік хабарлауынша, 18 маусымнан бастап осы жылдың соңына дейін Ақмешіт көшесінен Түркістан көшесіне дейінгі Алматы көшесінде көлік қозғалысы толық жабылады.

Соған қоса, 20 шілдеден бастап осы жылдың соңына дейін Ақмешіт көшесінен Сауран көшесіне дейінгі Алматы көшесінің учаскесінде де автокөлік жүрісі толықтай тоқтатылады.

Әкімдік атап өткендей, Алматы көшесі мен Сауран көшесінің, Алматы көшесі мен Ақмешіт көшесінің және Алматы көшесі мен Түркістан көшесінің қиылыстары ашық болады; жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты төмендету мақсатында уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады, — делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button