Қоғам

Астаналық әйел жол белгісіне шығып би билегені үшін айыппұл төледі

Астана полициясының Департаменті әлеуметтік желілерді мониторингтеу кезінде бір қызды жол белгісіне өрмелеп шығып, оның жанында би билеп тұрған бейнені анықтады. Оқиға контент түсіру мақсатында орын алған. Бұл туралы астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Құқық бұзушының жеке басы анықталды — ол астананың 23 жастағы тұрғыны болып шықты. Қыздың әрекеті жол белгісіне зақым келтіре жаздады және қалалық инфрақұрылымға немқұрайлылықпен қарау ретінде бағаланды. Ол ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сот шешімімен 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынды.

Полиция тарапынан азаматтарға ескерту жасалды: танымалдылыққа, лайк пен қарауларға деген ұмтылыс заң алдындағы жауапкершіліктен босатпайды. Қалалық мүлікке зиян келтіру немесе қоғамдық тәртіпті бұзу арқылы жасалған барлық теріс қылықтар тіркеліп, заңда белгіленген тиісті баға береді деп атап өтілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button