Қоғам

Астанада шілдеде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ашылады

Астана әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, 18-19 шілде күндері қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өз есігін ашады. Іс-шара Алаш тас жолы, 35Б мекенжайындағы «Keryen Joly» сауда орталығында өтеді. Жұмыс уақыты — сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін.

Жәрмеңкеге еліміздің түкпір-түкпірінен келген фермерлер мен жергілікті өндірушілер қатысады. Олар көкөніс, жеміс-жидек, ет, сүт өнімдері, нан-тоқаш, ұн, табиғи шырындар, тосап, джем сияқты азық-түлік түрлерін ұсынады. Барлық тауарлар қолжетімді бағамен сатылады.

Келушілердің ыңғайына қарай жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 автобус маршруттары қатынайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button