Қоғам
Астанада Н. Тілендиев даңғылы екі күнге жартылай жабылады

Астана қалалық әкімдігінің ресми сайты хабарлауынша, Н. Тілендиев даңғылында — Баршын көшесінен Көктал көшесіне дейінгі учаскеде — жол жамылғысының үстіңгі қабатын орнату жұмыстары қазіргі таңда жүргізілуде.
Осыған байланысты 2025 жылғы 17 және 18 шілде күндері аталған учаскеде қозғалыс ішінара шектеледі. Автокөліктер тек бір жақты жолмен жүруге бағытталатын болады.
Жол қызметі жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден бағыттарын алдын ала жоспарлауды және қозғалыс ұйымдастырылуындағы мүмкін өзгерістерді ескеруді өтінеді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ыңғайсыздықты барынша азайту мақсатында учаскеге уақытша жол белгілері мен бағдарлағыштар орнатылады.



