Қоғам

Футбол матчында аяғын орындыққа қойған астаналық 20 АЕК айыппұл төледі

Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, «Заң мен тәртіп» қағидаты шеңберінде жүргізілген әлеуметтік желі мониторингі барысында тәртіп бұзушы оқиға жазылған бейнежазба анықталды. Видеода футбол матчы кезінде ер адамның аяқ киімін шешіп, аяғын алдыңғы қатардағы орындықтың арқалығына қойғаны, сөйтіп айналасындағы көрермендерге ашық түрде құрметсіздік танытқаны көрінеді.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын тез арада анықтады. Ол елорданың 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Ерің мұндай мінез-құлқы маңайындағы адамдардың наразылығын туғызды. Ұсақ бұзақылық жасағаны дәлелденген соң азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сот шешімімен оған 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынды.

Полиция департаменті барлық азаматтарды қоғамдық орындарда мінез-құлық нормаларын сақтауға, өзгелердің құқықтары мен жайлылығын құрметтеуге шақырады. Спорттық және бұқаралық іс-шараларда тәртіпті ұстану — қауіпсіз де жайлы қоғам орнатудың басты шарты екені ескертілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button