Әлем

Түркия Израильдің 1915 жылғы оқиғаларға қатысты шешімін екіжүзділік деп атады

Түркия президенті әкімшілігінің Коммуникациялар басқармасының басшысы Бурханеттин Дуран Израиль билігінің 1915 жылғы оқиғаларға қатысты шешімін қатаң сынға алды, деп хабарлайды Анадолу агенттігі.

Агенттіктің мәліметінше, Әлеуметтік желідегі жазбасында Дуран Израиль үкіметінің 1915 жылғы оқиғаларды «армян геноциді» деп тану туралы шешіміне пікір білдірді.

«XXI ғасырдағы ең қатыгез жаппай қырғынды жасап, балаларды, әйелдерді және қарттарды қоса алғанда, ондаған мың бейбіт тұрғынды аяусыз қырған Израиль басшылығының тарихи оқиғаларды саяси қару ретінде пайдалануға батылы баруы – екіжүзділіктен басқа ештеңе емес», – деді ол.

Дуранның айтуынша, Израильдің 1915 жылғы оқиғаларды «геноцид» деп тануы – жазықсыз палестиндіктердің қанын, Таяу Шығыста жүргізіп отырған мемлекеттік террорды және адамзатқа қарсы қылмыстарын жасыруға бағытталған бос әрекет.

Ол сондай-ақ «адамзат тарихындағы ең үлкен ирония – халықаралық құқықты аяққа таптап, ауруханаларды, мектептерді, діни орындарды және босқындар лагерлерін үздіксіз бомбалап отырған мемлекет моральдық әрі тарихи жауапкершілік туралы сөз қозғауы» екенін атап өтті.

«Геноцид жасады деген айыппен БҰҰ Халықаралық сотында жауап беріп жатқан тараптың Түркияға тарих жөнінде сабақ беруге немесе ар-ождан сақшысы болуға ешқандай құқығы жоқ», – деп түйіндеді Дуран.

Басқа жаңалықтар

Back to top button