Басты жаңалықтарСпорт

Президент Astana Team балалар хоккей командасын халықаралық жарысында жеңіске жетуімен құттықтады

Президент Astana Team балалар хоккей командасын Канадада өткен Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament халықаралық жарысында жеңіске жетуімен құттықтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

Мемлекет басшысы қазақстандық клубтың cенсациялық жетістігі отандық спорттағы айтулы уақиға екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары шеберлік деңгейі мен жеңіске деген ынта-жігерін паш етіп, ақтық сында хоккейдің отаны саналатын канадалықтардан басым түскен өрендерімізге ризашылығын жеткізді.

Президент жас хоккейшілердің табанды түрде жаттығып, күш-қайраттарын шыңдап, бұдан да биік асуларды бағындыруына тілектестік білдірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button