Астанада жасанды интеллектті білім беру жүйесіне енгізуге арналған мектеп директорларының алғашқы республикалық форумы өтеді

2026 жылғы 18 ақпанда Астана қаласында AI91: «Жасанды интеллект бар әлемдегі менеджмент және оқыту» тақырыбымен мектеп директорларының Бірінші республикалық форумы ұйымдастырылады.
AI91 – мектеп директорлары мен білім беру саласының сарапшыларына арналған кәсіби пікір алмасу алаңы. Форум аясында мемлекеттік органдардың өкілдері, EdTech саласының мамандары және педагогикалық қауымдастық жасанды интеллект дәуірінде мектепті басқару стратегияларын практикалық тәжірибе мен нақты кейстер негізінде талқылайды.
Іс-шараға 250-ден астам қатысушы мен 10-нан астам халықаралық және қазақстандық спикер қатысады.
Форумды Amansultan білім беру платформасы №91 мектеп-гимназиясымен бірлесіп, Астана қаласы Білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырады.
Форум бағдарламасына мемлекеттік органдардың, білім беру және цифрлық технологиялар саласындағы халықаралық және қазақстандық сарапшылардың баяндамалары енгізілген.
Негізгі спикерлер қатарында:
-
ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин,
-
ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов,
-
«TALAP» қолданбалы зерттеулер орталығының бас экономисі Рахым Ошақбаев,
-
Amansultan білім беру платформасының негізін қалаушы Нұрлан Қиясов,
-
Microsoft Kazakhstan компаниясының Орталық Азия және Пәкістан аймағындағы білім беру бағыты бойынша даму директоры Данияр Жұмабеков,
-
сондай-ақ жетекші мектеп директорлары мен жасанды интеллект және білім беру саласының сарапшылары бар.
AI91 форумы ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің өкілдеріне, мектеп директорлары мен олардың орынбасарларына, әдістемелік орталықтардың сарапшыларына, сондай-ақ бизнес және EdTech-компаниялар өкілдеріне арналған.



