ӘлемБасты жаңалықтарТехнология
«Meta» өтірік жарнамалардан миллиардтаған доллар табыс тауып отыр
«Reuters» агенттігінің дерегіне сәйкес, «Meta» компаниясы (яғни, «Facebook» пен «Instagram»-ның иесі) жылдық табысының шамамен 10 пайызын, яғни 16 миллиард долларды — жалған немесе тыйым салынған жарнамалардан алып отыр.
Пайдаланушылар күн сайын алаяқтық белгілері бар 15 миллиардқа жуық осындай жазбаларды көреді.
Компанияның ішкі құжаттарында көрсетілгендей, «Meta»-ға салынуы мүмкін айыппұл көлемі 1 миллиард долларға дейін жетуі ықтимал. Алайда, жалған жарнамалардан түсетін пайдамен салыстырғанда бұл сома компания үшін «қабылдауға боларлық көрсеткіш» ретінде бағаланған.



