Басты жаңалықтарМәдениет
Республика күні: Астанада заманауи суретшілер симпозиумы өтеді

Республика күні мен Жұмысшы мамандықтар жылын мерекелеу аясында Астанада 21-25 қазан аралығында заманауи суретшілер симпозиумы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Астанада өтетін симпозиумға Қазақстанның 9 өңірінен келген суретшілер жиналады.
Іс-шара заманауи қалалық мәдениет тұрғысынан жеке ландшафт пен ұжымдық жадыны зерттеуге арналған шығармашылық алаңға айналады.
Қатысушылар бес күн ішінде жаңа туындылар жасайды, пікірталастар мен шеберлік сабақтарына қатысады.
Симпозиум соңында «ӨзЖерім: URBAN NOMADS» көрмесінде 40-тан астам жаңа туындылар ұсынылады.
Іс-шараны Астана әкімдігі мен Мәдени іс-шаралар дирекциясы елорда Суретшілер одағымен бірлесіп ұйымдастырады.