Басты жаңалықтарСпорт

Бублик тағы бір саты жоғарылады: ATP жаңартылған рейтингі жарияланды

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) жекелей және жұптық сындағы жаңартылған әлемдік рейтингін жариялады, деп хабарлайды Astananews.kz сайты Bassport.kz+ге сілтеме беріп.

Жаңа тізім бойынша үздік үштік өзгеріссіз қалды:

– Карлос Алькарас (Испания) – бірінші орында,

– Янник Синнер (Италия) – екінші,

– Александр Зверев (Германия) – үшінші сатыда тұр.

Қазақстандық теннисші Александр Бублик бір саты жоғарылап, әлемнің 16-шы ракеткасы атанды. Бұл — спортшының мансабындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

Ал тағы бір отандасымыз Александр Шевченко екі орынға төмендеп, 91-ші сатыға жайғасты.

Еске сала кетейік, Бублик соңғы уақытта бірқатар ATP турнирлерінде сәтті өнер көрсетіп, тұрақты нәтижесімен рейтингтегі ұпай санын арттырған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button