Туризм

Өзбекстанда туристер тарту жөнінен тарихи рекорд орнатылып жатыр

Бұл туралы Өзбекстанның Статистика жөніндегі мемлекеттік комитетіне сілтеме жасап, inbusiness.kz жазады.

«Өзбекстан туристердің келуі бойынша қарқынды түрде рекордтар жаңартуда. Бұл көрші елге тасқындаған туристік ағын 2025 жылғы алғашқы 4 айда бірден 146,1%-ға өсіп шыға келді. Белгілі болғанындай, 2025 жылғы қаңтар-ақпан аралығында Өзбекстан шетелден шамамен 3,1 миллион туристі қабылдады. Бұл – бүкіл Орталық Азия елдері арасындағы рекорд», – деп хабарлады қырғыздың ақпарат құралы.

Өткен жылда өзбек еліне 8 миллионнан астам шетелдік турист келіп, төрт және одан көп күн демалыпты.

Бұл ретте ӨР-ге саяхаттаған қонақтар арасында Қырғызстан көш бастады. Екі елдің шекараға қатысты мәселелері шешілгелі, республикалардың арасы жақындай түсіп, бауырлас елдердің бір-біріне барыс-келісі күрт артты.

Ресми мәліметке сәйкес, биылғы 4 айда Қырғызстаннан өзбек еліне 1 миллионға жуық (942 мыңнан аса) турист барыпты. Екінші орында Тәжікстан (793,9 мың), үшінші орында Қазақстан (617,2 мың) тұр.

Саяхатшылар арасындағы Ташкент, Самарқан пен Бұқара ең танымал бағыт болып қалуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button