Басты жаңалықтарҚоғам

Қоқыс басқан Сайранның жағдайы Алматы әкімінің ашуын туғызды

Күрделі жаңғырту жұмыстары аяқталмай жатып, айналасын қоқыс басқан Сайранның жағдайы Алматы әкімінің ашуын туғызды. Дархан Сатыбалды жағажайды тазарту үшін мердігерге соңғы рет ескерту жасады, деп жазады Zakon.kz.

Қала басшысы аппарат кеңесінің отырысында Сайран көлінің санитария жағдайына ерекше назар аударды әрі құқық бұзушыларға бақылау жүргізіп, қатаң шара қолданбаған басқармаларды қатаң сынға алды.

Аудан әкімдеріне қаланың проблемалы учаскелерін қоқыстан тазартып, бітелген арықтарды ретке келтіру тапсырылған.

Жаңғыртылып жатқан Сайранда жұрттың суға түсу маусымы басталып кеткен. Көбі ішкен сусыны мен жеген тамағының қалдықтарын отырған жерінде тастап кетеді. Соның салдарынан жағажайды қоқыс басып, әлден көркі кете бастапты.

Айта кетейік, жасанды көл маусымнан бастап пайдалануға беріледі деп жоспарланғанымен, абаттандыру әлі жалғасып жатыр. Полицейлер кеше көл жағасында рейд ұйымдастырып, тұрғындарға ескерту жасады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button