ӘлемБасты жаңалықтарСаясат

Путин Зеленскиймен кездесуге дайын екенін мәлімдеді

19 маусым күні таңертең Ресей президенті Владимир Путин украиналық әріптесі Владимир Зеленскиймен кездесу мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды AstanaNews.kz сайты Zakon.kz-ке сідтеме жасап.
Бұл жайында Санкт-Петербургте өткен Петербург халықаралық экономикалық форумы аясындағы халықаралық ақпарат агенттіктері басшыларымен кездесуде белгілі болды.

«Мен бәрімен, соның ішінде Зеленскиймен де кездесуге дайынмын», – деді Путин.

Сонымен бірге ол Украина Конституциясында әскери жағдай енгізілгеннің өзінде президент өкілеттігін автоматты түрде ұзарту қарастырылмағанын еске салды. Осыған байланысты, Путиннің айтуынша, басты мәселе – ықтимал келісімдерге кім қол қояды.

«Неліктен мен бұны айтып отырмын? Бізге кім келіссөз жүргізетіні бәрібір, тіпті бұл қазіргі режим басшысы болса да. Мен кездесуге де дайынмын, бірақ бұл қандай да бір аяқтаушы кезең болса деймін – нақты бір нүкте қою керек. Ал ол нүкте – легитимді билік өкілінің қолы болуы тиіс. Әйтпесе, ертең басқа біреу келіп, бәрін қоқысқа тастап жібереді. Ондай болмауы керек, өйткені біз өте маңызды мәселелерді шешіп отырмыз», – деп түсіндірді Ресей басшысы.

Сондай-ақ, Ресей мен Украина келіссөз топтарының басшылары 22 маусымнан кейін кездесу өткізу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатқаны белгілі болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button