Басты жаңалықтарЭкономика

Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері 143 мың теңгеден асты

2025 жылғы 18 маусымда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕХӘҚМ) зейнетақы төлемдеріне қатысты жаңа статистикалық мәліметтерді жариялады. Жыл басынан бері қазақстандық зейнеткерлерге 1,7 трлн теңгеден астам қаражат төленген, деп хабарлайды AstanaNews.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Министрліктің деректері бойынша, бұл соманың 564,7 млрд теңгесі базалық зейнетақыға, ал 1 трлн 181,2 млрд теңгесі солидарлық зейнетақыға бағытталған.

2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша еліміздегі зейнеткерлер саны 2 млн 481 мың адамды құрады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button