Мейірімді болу – сау болу: Испандық ғалымның тың зерттеуі

Мадрид Автономды университетінің нейроғылым профессоры Джонатан Бенитоның зерттеулері мейірімді жандардың денсаулығында айтарлықтай артықшылықтарға ие екенін көрсетті, деп жазады AstanaNews.kz.
АЗЕРТАДЖ хабарлағандай, профессор Бенитоның пікірінше, мінезі жұмсақ адамдардың ашуланшақ адамдарға қарағанда жүрек-қан тамыр және ми қан айналымы ауруларына шалдығу қаупі төмен болады.
Оның айтуынша, мейірімді адамдардың өмір сүру ұзақтығы да жоғары. Зерттеуші, сонымен қатар, ашуланшақ жандардың бақытты сезіну қабілетінің төмен болатынын атап өтті. Себебі, олардың ағзасында кортизол гормоны мен фибриноген ақуызының деңгейі үнемі жоғары болады. Бұл өз кезегінде қанның ұйып қалуына, инсульт пен инфаркт қаупінің артуына әкеледі. Жалпы алғанда, ашуланшақ адамдардың өмір сүру сапасы әлдеқайда төмен, деп қорытындылады ғалым.