Басты жаңалықтарСаясат

Әкімдіктер өрт қауіпті кезеңде толық жауынгерлік дайындықта болуға тиіс – Экология министрлігі

Жыл басынан бері еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында жалпы ауданы 4851 га болатын 34 орман өрті тіркелген. Өткен жылдардағы ірі орман өрттерін талдау нәтижесіне сәйкес олардың туындауының негізгі себептері: өрттің даладан ауысуы мен құрғақ найзағай, ал таралу себептері: алшақтық, жетуге қиын жерлер және жол желісінің болмауы. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев мәлімдеді.

«Осыған байланысты облыс әкімдіктері дала өрттерінің алдын алу және жою бойынша жан-жақты шаралар қабылдап, орман шаруашылықтарының күштері мен құралдарын толық жауынгерлік әзірлікке келтіруге тиіс. Қазгидрометтің болжамы бойынша, биыл жаз өте ыстық болады. Осыған байланысты облыс әкімдіктері ормандарда өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша барлық шараны қабылдауы қажет», – деді спикер.

Оның деректері бойынша, Министрлік ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды толық жауынгерлік әзірлікке келтіру және мемлекеттік орман қоры аумағында ірі орман өрттерін болдырмау жөнінде барлық қажетті шараны қабылдап жатыр.

Нұркен Шәрбиев облыстардың аумақтық инспекциялары мен орман мекемелерін тексеру барысында 63 техникада ақау анықталғанын айтты. Қолда бар 314 өрт сөндіру машинасының 132-сі есептен шығарылуға тиіс. Сондықтан техниканы жаңарту маңызды мәселе болып табылады. Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының орман мекемелері, сондай-ақ «Семей орманы» резерваты өрт қауіпті кезеңге дайындығының төмендігін көрсетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button