Басты жаңалықтарМәдениет

Димаш Құдайберген Алматыда жанкүйерлерімен кездесу ұйымдастырмақ

2025 жылғы 26 мамырда Димаш Құдайберген Almaty Arena стадионында «D and Dears» атты фан-кездесуін өткізеді, деп хабарлайды AstanaNews.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Іс-шара әншінің туған күніне орай өткізілмек, бұл жайлы Димаш өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.

«Менің туған күніме орай, 26 мамырда Almaty Arena стадионында «Stranger» концертінің кинотеатрларға шығуына орай ұйымдастырылатын «D and Dears» атты фан-кездесу өтеді!Менің шығармашылығыма арналған шоуды, қазақстандық әртістердің қатысуымен, әртүрлі сұрақтарға жауаптарыңызды алып, жаңа әндердің премьералары мен бейнебаяндарын да қатар тамашалай аласыздар».

Ал 27 мамырдан бастап Астанада өткен «Stranger» шоуы 5.1 көлемді дыбыспен және қатысу эффектісімен үлкен экрандарда елімізде алғаш рет кинотеатрларда көрсетіледі!

«Кездескенше! Сіздерді ерекше жақсы көремін»,- деп қорытындылады ол.

Басқа жаңалықтар

Back to top button