Басты жаңалықтарҚоғам

Перизат Қайраттың ісіне қатысты тың мәліметтер пайда болды

2025 жылдың 23 қаңтарында Перизат Қайратқа қатысты мүгедек-балаларға арналған оңалту орталығын салуға ақша жинау алаяқтығы бойынша сотқа дейінгі жаңадан тергеу тіркелді, деп хабарлайды ҚМА.

Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжанның сөзінше, Перизат Қайрат 2021 жылдың қараша айында Ақмола облысында «Батыр» қоғамдық бірлестігіне оңалту орталығын салу үшін ақша жинау мақсатында қайырымдылық аукционын ұйымдастырған.

— Жұрттың сенімін арттыру үшін оңалту орталығына мұқтаж мүгедек-балалар мен олардың ата-аналарын іс-шараға тартқан. П.Қайрат тарапынан таратылған жалған деректер бойынша 48 миллион теңге жиналып, құны 100 миллион теңге ғимарат сыйға тартылған. Алайда, аукцион кезінде шын мәнінде 22 миллион теңге түскен, осы ақшаны ол өзінің жеке қажетіне жаратқан, — деді Тайжан.

Сонымен қатар, П.Қайрат «Батыр» қоғамдық бірлестігі үшін құны 30 миллион теңге жер телімін сатып алғанын мәлімдеген, алайда бұл участокті 2019 жылы бірлестік өзі сатып алған.

— Оңалту орталығының құрылысы әлі басталмаған қалпында тұр. Орталықтың қажеттілігіне берілді деген ғимарат мүлдем жоқ болып шықты. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды. Егер сіз Кайрат Перизаттың алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болсаңыз, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне мына мекенжай бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10 немесе +7 (717-27) 0-84-78, 70-84-79 (қосымша: 21384) телефон нөмірлері арқылы, — деп ескертті ведомствоның ресми өкілі Ернар Тайжан.

Еске сала кетейік, былтыр 14 қарашада еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайрат ұсталып, тергеу басталғанын хабарлаған болатынбыз.

Source
Kazinform

Басқа жаңалықтар

Back to top button