40 инфекция бойынша сырқаттанушылықты төмендетуге қол жеткізілді
![](https://astananews.kz/wp-content/uploads/2025/02/67a5cdb3c9a48777116609-780x470.jpeg)
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенованың айтуынша, 16 нозология бойынша жағдай тіркелмеген.
Профилактикалық егулермен қамтудың жалпы деңгейіне вакциналардың барлық түрлері бойынша қол жеткізілді (95,3%).
«Ұлттық егу күнтізбесі шеңберінде жоспарлы және толықтыру вакцинациясын жүргізу қызылша, көкжөтел сияқты инфекциялар бойынша сырқаттанушылықты төмендетуге қол жеткізуге мүмкіндік берді», – деді ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері өткен жылдың қорытындысы бойынша ҚР ДСМ СЭБК алқасының кеңейтілген отырысында.
Мемлекеттік шекарада инфекциялық аурулардың әкелінуіне және таралуына жол бермеу мақсатында 2024 жылы көліктің барлық түрлерінде 6 миллионнан астам жолаушы байланыссыз термометрия болды.
Санитариялық-карантиндік бақылау қызметі дене температурасы жоғары 63 жолаушыны анықтады. Сондай-ақ, келген шетелдік жолаушылардың арасында тырысқақтың 3 жағдайының ошағын оқшаулау бойынша эпидемияға қарсы уақытылы іс-шаралар өткізу аурудың халық арасында таралуына жол бермеуге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар елде аса қауіпті инфекциялар әкелінген жағдайда барлық қажетті эпидемияға қарсы, диагностикалық, емдік және басқа да іс-шараларды жүргізуге дайындық қамтамасыз етілгені атап өтілді.