Қоғам

ТМД елдерінің төтенше жағдайлар басшылары Түркістанда ағаш отырғызу акциясына қатысты

ТМД Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің XXXVIII отырысы Шымкент қаласында аяқталған соң, Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов шетелдік әріптестерімен бірге Түркістан қаласына барды.

Делегация сапарын қолөнершілер қалашығынан бастады. Онда қонақтарға қазақ халқының дәстүрлі қолөнері, ұлттық бұйымдары мен жергілікті шеберлердің жұмыстары көрсетілді. Кейін қатысушылар ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, оның тарихымен және елдің мәдени-рухани өміріндегі орнымен танысты.

Мәдени бағдарлама «Керуен-сарай» туристік кешенінде жалғасты. Қонақтар «Алтын Самұрық» ұшатын театрының мультимедиялық қойылымын тамашалап, Қазақстанның тарихи және табиғи көрікті жерлерін виртуалды түрде аралады.

Сапар соңында ТМД елдерінің төтенше жағдайлар ведомстволары басшылары ағаш отырғызу шарасына қатысты. Бұл акция қоршаған ортаны қорғау мен кәсіби ынтымақтастықты дамытуға ортақ ұмтылысты білдірді.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button