Қоғам

Көктайғаққа байланысты жүргізушілерге ескерту жарияланды

Синоптиктердің хабарлауынша, түнгі және таңертеңгі уақытта Ақмола, Абай, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында қар аралас жаңбыр мен қар жауады. Кейбір аймақтарда көктайғақ күтіледі.

Жүргізушілерге қойылатын талаптар

Жолда қауіпсіздік үшін жүргізушілер жылдамдық режимін және арақашықтықты қатаң сақтауы керек. Қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылады. Қажет болмаса, сапарға шықпау жөн. Дөңгелектердің жағдайына ерекше назар аударған жөн – егер көлікте жазғы шина болса, көктайғақта көлікті басқару қиындап, жол-көлік оқиғасы қаупі артады.

Ауа райы мен жол жағдайы туралы ақпарат

Жол қызметі тәулік бойы жұмыс істейді. Жолдардың жағдайы мен ауа райы туралы өзекті ақпаратты 1403 байланыс орталығынан білуге болады.

Өзіңіз бен жақындарыңызды сақтаңыздар!

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button