Қоғам

ТЖМ басшысы «Соколовская» шахтасында өнеркәсіп қауіпсіздігін тексерді

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды. Ол Рудный қаласына жақын орналасқан «ССКӨБ» АҚ-ның «Соколовская» шахтасына кіріп, өндірістегі жағдаймен танысты.

«Соколовская» шахтасы 1975 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Кәсіпорында 900-ден астам адам еңбек етеді, ал жыл сайынғы кен өндіру көлемі 2 миллион тоннаға дейін жетеді.

Министр сапар барысында шахтадағы апаттарды жою жоспары, жерасты жұмыстарын ұйымдастыру тәртібі және қолданыстағы өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйелерімен танысты. ТЖМ делегациясы 344 метр тереңдікке түсіп, кеншілердің еңбек жағдайын және темір кенін жерасты әдісімен өндіру ерекшеліктерін көрді.

Мұрат Мұханов авариялық жағдайлардың алдын алу, жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару қызметтерінің дайындық деңгейіне баса мән берді.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button