Қоғам
Қорғаныс министрі әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті
Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-майор Айдос Мырзахметов әр жылдары қызмет барысында қаза тапқан және ауыр жарақат алған әскери қызметшілердің туыстарынан құралған топпен кездесті.
Кездесуге Бас әскери прокурор мен Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы өкілдері де қатысты. Министрлік өкілдері қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларының қайғысына ортақтасатынын, туыстарының өтініштеріне назар аударатынын атап өтті. Әрбір сұрақ мұқият қаралып, нақты жауап берілетіні айтылды.
Кездесу соңында Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов әр жағдайды жеке қарап, ұсынылған материалдарды мұқият зерделейтініне сендірді.
Дереккөз: gov.kz



