Қоғам

Түркістан облысында дрон арқылы 7 тонна заңсыз қоқыс анықталды

Түркістан облысында полицейлер дронмен жүргізілген бақылау кезінде заңсыз қоқыс төккен тұрғынды ұстады. Сайрам ауданындағы Дала базар көшесінің бойындағы ашық алаңда 42 жастағы ер адам тұрмыстық қалдықтарды тастағаны анықталды.

Заңсыз төгілген қалдықтың жалпы салмағы 7 тоннаға жуықтады. Бұл дерек бойынша тұрғынға әкімшілік жауапкершілік жүктеліп, ол төккен қоқысты жинап, аумақты тазартты.

Полиция қоршаған ортаның тазалығын сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Заманауи бақылау құралдарының көмегімен мұндай заңсыз әрекеттерді дер кезінде анықтауға мүмкіндік бар. Полиция тұрмыстық қалдықтарды рұқсат етілмеген жерге тастау заңға қайшы екенін ескертеді және әр азаматты қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button