Қоғам
Алматыда қалдықтарды өңдеу зауытын салу жобасы талқыланды
Экология және табиғи ресурстар министрі бүгін «Junxin Environmental Protection (Almaty)» компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесуде Алматы қаласында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату зауытын салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мәселелері сөз болды.
Тараптар сондай-ақ Қазақстанның басқа аймақтарында осындай жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырды. Министрлік инвестициялық бастамаларды әрі қарай қолдауға, туындайтын сұрақтарды бірлесіп шешуге және қалдықтарды басқару саласындағы қазақстандық-қытайлық ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін жеткізді.
Дереккөз: gov.kz



