Білім

Ғылым министрі Қазақстан-Неміс университетінің жұмысымен танысты

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыдағы Қазақстан-Неміс университетіне арнайы барып, оқу орнының жұмысымен және негізгі бағыттарымен танысты. Министр сапар барысында университет инфрақұрылымын аралап, зертханаларды көрді, студенттер және қызметкерлермен кездесті.

Университеттің халықаралық ынтымақтастықтағы рөлі

Кездесу кезінде Қазақстан-Неміс университетінің Қазақстан мен Германия арасындағы ғылыми және білім беру байланыстарын нығайтудағы маңызы атап өтілді. Университеттің елдегі және халықаралық деңгейдегі ғылыми-зерттеу ұйымдарымен әріптестігіне ерекше мән берілді.

Инфрақұрылымды дамыту және болашақ жоспарлар

Министр Саясат Нұрбек DKU президенті, профессор Волрад Роммельмен жұмыс кездесуін өткізді. Онда университеттің халықаралық білім беру ұйымы ретіндегі қызметін жетілдіру және инфрақұрылымын кеңейту мәселелері қарастырылды. Кездесуге DKU ректоры Асель Ажибаева, Есенов университетінің атқарушы ректоры Ермек Нұрмағанбет және DKU вице-президенті Асхат Жілқайдаров қатысты.

Ғылыми-білім беру ынтымақтастығын кеңейту

Тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы ғылыми-білім беру байланыстарын әрі қарай дамыту, зерттеу жұмыстарын күшейту және академиялық қауымдастықтар арасындағы әріптестікті кеңейтуге келісті. Университетті одан әрі жетілдіру, қолайлы жұмыс жағдайын жасау мен инфрақұрылымды жақсарту халықаралық ынтымақтастықтың әлеуетін арттыруға ықпал ететіні айтылды.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button