Спорт

Әуезов театры Нью-Делиде өткен БРИКС фестивалінде «Қыз Жібек» қойылымын ұсынды

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры Нью-Дели қаласында өткен БРИКС халықаралық театр фестиваліне қатысты. Театр ұжымы қазақ халқының рухани мұрасы мен ұлттық дәстүрін көрсететін «Қыз Жібек» спектаклін сахналап, көрермен назарына ұсынды. Қойылымның режиссері – өнертану ғылымының PhD докторы Елік Нұрсұлтан.

Фестивальдің ашылу салтанаты

БРИКС фестивалінің ашылу рәсіміне Үндістанның Мәдениет және туризм министрі Гаджендра Сингх Шехават қатысты. Ол шараға қатысушыларға табыс тілеп, өнер арқылы халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастық нығаятынын атап өтті.

Қазақстандық театр үшін маңызы

Халықаралық театр фестивалі қазақ театрына өз өнерін әлемдік сахнада көрсетуге және елдер арасындағы мәдени байланысты дамытуға жағдай жасады.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button