Қоғам

БҚО-да ардагер Нүптіғали Сейтжановтың құрметіне «Жас сақшы» сыныбы ашылды

Ардагерге құрмет көрсетіп сынып ашылды

Батыс Қазақстан облысының Нұрсай ауылындағы «Тереңкөл мектеп-бөбекжай кешенінде» Ұлы Отан соғысының және ішкі істер органдарының ардагері Нүптіғали Сейтжановтың құрметіне «Жас сақшы» сыныбы салтанатты түрде ашылды. Жаңа сыныпқа 11 оқушы ресми түрде қабылданды.

Салтанатты шараға полиция департаментінің басшылығы, аудан әкімі, ішкі істер органдары ардагерлер кеңесінің өкілдері мен мектеп ұстаздары қатысты. Жиын барысында қатысушылар жаңадан ашылған арнайы сыныптың тәрбиеленушілерімен кездесіп, оларға ізгі тілектерін білдірді.

Жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы

Полиция департаменті жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасының бастығы Әзілхан Қайырханов өз сөзінде «Жас сақшы» сыныбының жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына тоқталды. Оның айтуынша, бұл – болашақ Отан қорғаушыларды тәрбиелеп, бойына тәртіп пен заңға құрметті сіңіретін маңызды орта.

«Мұнда оқушылар біліммен қатар, Отанды сүюді, елге қызмет етуді және қоғамдық тәртіпті құрметтеуді үйренеді», – пайымдады Әзілхан Қайырханов.

Сыныптың негізгі мақсаттары

Жаңа сынап аясында оқушылардың құқықтық сауатын арттыруға, патриоттық тәрбиесін нығайтуға, тәртіп пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға басымдық беріледі. Сондай-ақ жасөспірімдердің бойында заңға құрмет, елге адал қызмет ету және қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға деген жауапкершілік сезімін дамыту көзделген.

Отбасының құрметі әрі жасөспірімдердің антқа қабылуы

Салтанатты шараға арнайы қатысқан ардагер Нүптіғали Сейтжановтың ұлы Гаммат Нүптіғалиұлы әкесінің есімін ұлықтап, өнегелі жолын жас ұрпаққа үлгі еткен полиция ұжымына отбасы атынан алғысын білдірді. Сонымен қатар ол жас сақшыларға сәттілік тілеп, таңдаған жолдарында табанды болуға шақырды.

Жиынның ең маңызды сәттерінің бірі оқушылардың салтанатты түрде ант қабылдауы болды. Жас сақшылар мектеп тәртібін сақтауға, білімге ұмтылуға, Отанын сүюге, ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға үлес қосуға және халқына адал қызмет етуге уәде берді.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button