Қоғам

Ішкі істер министрінің орынбасары елордада оқушылармен кездесу өткізді

Елордадағы №55 мектепте Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков оқушылармен кездесті. Бұл шара министр Ержан Саденовтың тапсырмасымен ұйымдастырылды. Министрлік өкілдері жастармен жүйелі түрде кездесіп, тәрбиелік бағыттағы әңгімелер өткізуде.

Оқушыларға арналған арнайы жоба

Аталған мектепте Ішкі істер министрлігінің бастамасымен «Жас сақшы» сыныбы ашылған. Бұл жоба оқушыларды патриоттыққа, ұлттық құндылықтарды бағалауға және әскери дағдыларға үйретуге бағытталған.

Заң мен тәртіптің маңызы түсіндірілді

Кездесу барысында оқушыларға нақты оқиға негізінде түсірілген деректі фильм көрсетілді. Заңсыз әрекеттердің салдары мен тәртіптің қоғамдағы рөлі туралы айтылды. Балаларға күнделікті өмірде және төтенше жағдайларда өзін қалай ұстау керек екені түсіндірілді.

Мұндай кездесулер жалғасады

Кездесу кезінде оқушылар түрлі сұрақтар қойып, білімдерін тексерді. Заңға құрмет пен тәртіпті сақтау – жарқын болашақтың кепілі екені атап өтілді. Алдағы уақытта осындай тәрбиелік шаралар жалғасын табады.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button