Экономика

Сәйкестікті бағалау қағидаларына толықтырулар енгізу туралы бұйрық жобасы дайындалды

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі сәйкестікті бағалау қағидаларын бекіту туралы 2021 жылғы 29 маусымдағы № 433-НҚ бұйрығына толықтырулар енгізу туралы бұйрық жобасын дайындады.

Жоба мақсаты мен негіздемесі

Бұйрық жобасы Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі С.М. Жуманғариннің жеңіл өнеркәсіпті дамытуға қатысты 2026 жылғы 4 қыркүйектегі хаттамасын жүзеге асыру аясында әзірленді.

Қашықтан бағалау механизмі енгізіледі

Жобаға сәйкес, қазақстандық өндірушілердің өнімін мерзімді сертификаттау барысында қашықтан бағалау жүйесі енгізіледі. Яғни, өндіріс жағдайын талдау және онлайн режимде үлгілерді видеотіркеу мен геолокация арқылы іріктеу көзделген. Бұл тәсіл бизнестің сарапшыларды іссапарға жіберуге және өндірісті тоқтатуға жұмсайтын уақыт пен қаржылық шығындарын азайтады, сонымен қатар сәйкестікті растау органдарының бақылау сапасын төмендетпейді.

Құжат жобасы ашық талқылауда

Сауда және интеграция министрінің бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілер порталында жария талқылау үшін орналастырылды.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button