Қоғам

Кентауда есірткі жарнамасы бар 60 граффити өшірілді

Кентау қаласында Түркістан облысының полицейлері рейд кезінде есірткі заттарын жарнамалайтын заңсыз граффити жазуларын тапты. Тексеру барысында тұрғын үйлердің, гараждардың және қаңырап бос тұрған ғимараттардың қабырғаларынан осындай 60 жазу анықталған.

Полиция қызметкерлері барлық граффитиді толығымен өшірді. Бұл жазбалар есірткі саудасын жасырын жарнамалау тәсілі ретінде қолданылуы мүмкін екенін атап өтті.

Тәртіп сақшылары тек заңсыз жазуларды жоюмен шектелмей, тұрғындарға есірткі қылмысының қауіптілігі мен заң бұзудың салдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Полиция алдағы уақытта да профилактикалық шараларды жалғастыратынын хабарлады.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button