Қоғам

Жетісу облысында мас жүргізушілерге қатаң шара қолданылды

Жетісу облысында өткен аптада алкоголь немесе есірткі әсеріндегі тоғыз жүргізуші ұсталды. Бұл деректер өңірлік полиция департаментінің жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларын болдырмау бағытындағы шаралары барысында белгілі болды.

Патрульдік қызмет барысында масаң күйде көлік басқарған жүргізушілерге заңға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту шаралары қолданылды. Мұндай құқық бұзушылық үшін 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы қарастырылған.

Полиция өкілдері мас күйінде рөлге отырудың адам өміріне қауіпті екенін ескертеді. Осыған байланысты тәртіп сақшылары жол апаттарының алдын алу және мас жүргізушілерді анықтау мақсатында профилактикалық және рейдтік жұмыстарды жалғастырады.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button