Мәдениет

Бакуде «Қазақтың дәстүрлі мәдениеті» көрмесі ашылды

Бакудегі Әзербайжан Ұлттық тарих музейінде «Қазақтың дәстүрлі мәдениеті» атты халықаралық көрме өз жұмысын бастады. Бұл көрмеге Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінің қорындағы құнды жәдігерлер қойылды.

Көрменің ашылуына Қазақстан Ұлттық орталық музейінің өкілдері, Қазақстанның Әзербайжандағы елшілігі, Түркі мәдениеті және мұрасы қоры, сонымен қатар Әзербайжан Ұлттық тарих музейі мен Мәдениет министрлігінің қызметкерлері, жазушылар мен мәдениет майталмандары қатысты.

Көрме экспозициясының мазмұны

Көрме бес тақырыптық бөлімнен тұрады. Экспозицияға 69 этнографиялық жәдігер қойылған. Олардың арасында күнделікті тұрмыс пен шаруашылыққа арналған бұйымдар, ат әбзелдері, зергерлік бұйымдар, киіз басу мен тоқымашылық өнерінің үлгілері, дәстүрлі киімдер және ұлттық әшекейлер бар.

Іс-шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтті.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button