Алматыда «Еуразиядағы бизнес және орнықты даму» форумы өтті
Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымының күніне орай «Еуразиядағы бизнес және орнықты даму» атты өңірлік форум өтті. Іс-шараны Орталық Азиядағы БҰҰ Жаһандық шарты желісі ұйымдастырды. Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдігінің басшысы Жәнібек Әбдрашов қатысты.
Тұрақты даму мақсаттары және әріптестік
Жәнібек Әбдрашов форумда сөз сөйлеп, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде өңір елдерінің ынтымақтастығын күшейтудің және мемлекет, бизнес пен халықаралық ұйымдар арасындағы әріптестікті дамытудың маңызды екенін айтты. Оның ішінде таза энергетика, орнықты инфрақұрылым мен халықтың әл-ауқатын арттыру бағыттары ерекше аталды.
Өңірлік орталық құру бастамасы
Форумда Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның Өңірлік орталығын ашу мәселесіне де назар аударылды. Бұл бастама өңірде тұрақты даму күн тәртібін ілгерілетуге серпін береді деп күтілуде.
Дереккөз: gov.kz



