Спорт
Британдық зерттеуші Ник Филдинг «Ботай» музей-қорығында болды
«Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына Ұлыбританиядан келген зерттеуші, жазушы Ник Филдинг сапарлап барды. Ол музей залдарын аралап, экспозициядағы археологиялық жәдігерлермен танысты.
Музей қызметкерлері Ник Филдингке Ботай қонысының Ұлы далада жылқыны қолға үйрету және көне өркениетті зерттеудегі рөлін түсіндірді. Сондай-ақ, Қазақстанның археологиялық мұрасын сақтау мен оны жұртшылыққа жеткізудің маңызы туралы әңгіме өрбіді.
Ник Филдинг – Қазақстан мен Орталық Азия тарихына арналған еңбектерімен танымал зерттеуші. Бұл сапарында ол Ботай мәдениетінің Ұлы дала өркениетіндегі орны мен археологиялық ерекшеліктері туралы мол мәлімет алды.
Дереккөз: gov.kz


