Қоғам

Қазақстанда Республика күніне орай әскери қызметшілер мен ардагерлер құттықталды

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі А. Мырзахметов Республика күніне орай әскери қызметшілерді, ардагерлерді және барлық отандастарды құттықтады. Министр өз құттықтауында еліміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығы мемлекеттің басты құндылығы екенін атап өтті.

Ол тәуелсіздікті қорғау және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қарулы күштердің негізгі міндеті екенін жеткізді. Қазіргі уақытта Президент тапсырмасымен елдің қорғаныс әлеуетін арттыруға бағытталған ауқымды әскери реформа жүргізіліп жатқаны айтылды.

Министрдің айтуынша, бұл реформалар Қарулы күштердің құрылымын жетілдіруді, әскери басшылық мәдениетін жаңғыртуды, қорғанысты жоспарлаудан бастап әскерлерді жаңа технологиялармен жабдықтауға дейінгі маңызды салаларды қамтиды. Сондай-ақ, әскери тәртіпті, командирлердің жауапкершілігін арттыру және әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығына басымдық беру назарда екенін жеткізді.

А. Мырзахметов мереке күні Қарулы күштердің жеке құрамына, ардагерлерге және барлық қазақстандықтарға зор денсаулық, отбасылық амандық және елімізге бейбітшілік тіледі.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button