Никосияда тұрақты даму үшін волонтерліктің рөлі талқыланды
Никосия қаласында Волонтерлік ұйымдардың жалпыкипрлік үйлестіру кеңесінің 33-конференциясы ұйымдастырылды. Бұл шара Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен БҰҰ жариялаған тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылы аясында өтті.
Конференцияда қатысушылар БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына жетудегі волонтерлердің маңызы мен әртүрлі жастағы азаматтарды еріктілікке тарту тәсілдерін талқылады. Жиынға мемлекеттік органдар, қоғамдық және кәсіби ұйым өкілдері мен волонтерлер қатысты.
Басқосуда жуырда зейнетке шыққан азаматтарды волонтерлікке тарту мәселесі де көтерілді. Сарапшылардың айтуынша, олардың тәжірибесі мен білімі қоғамдық жобаларды жандандыра алады, ал еріктілік қызметі зейнеткерлердің белсенді өмір сүруіне мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, конференцияда волонтерлік қозғалысты күшейту және оның тұрақты даму мақсаттарына қосатын үлесін арттыру жолында жаңа стратегиялар мен бастамалар қарастырылды.
Дереккөз: gov.kz



