Басты жаңалықтарДенсаулық
Дүниежүзілік денсаулық күні: ғылымға негізделген шешімдер

Жыл сайын 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтіледі. Бұл дата 1948 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) құрылған күніне орай белгіленген.
Аталған мереке жаһандық денсаулық сақтау мәселелеріне назар аударып, салауатты өмір салтын – дұрыс тамақтану мен дене белсенділігін насихаттайды. Жыл сайын іс-шаралар белгілі бір тақырып аясында өтеді. Биылғы тақырып – «Денсаулыққа бірге. Ғылыммен бірге!».
Басты назар ғылыми прогрестің күші мен халықаралық ынтымақтастыққа аударылады. Ғылым елдер мен мамандарды біріктіріп, адам, жануарлар, өсімдіктер және жалпы планетаның денсаулығын қорғауға бағытталған тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
Деніңіз сау болсын!



