
Астанада ауа райына байланысты екінші ауысымдағы 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«2026 жылғы 12 наурыз күні ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюіне қатысты) байланысты екінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», – делінген Білім басқармасының хабарламасында.



