Басты жаңалықтар

Астанада қар күреу жұмысына 1 500-ден астам арнайы техника жұмылдырылды

Астананың коммуналдық қызметі күшейтілген режимде тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Күн сайын қар күреу жұмысына мыңдаған арнайы техника мен жол жұмысшысы жұмылдырылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Өткен түні елордадан қар полигондарына 2 008 ауыр жүк көлігінің рейсімен 31 мың текше метрден астам қар мен мұз шығарылды.

20 ақпан күні таңертеңнен бастап қаладағы қар мен көктайғақты тазартуға 1 568 арнайы техника және 3 039 жол жұмысшысы жұмылдырылды.
Ең алдымен негізгі көшелер мен қоғамдық көлік жүретін бағыттар тазартылады. Одан кейін қозғалыс қарқыны орташа аумақтарда – аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда тазалау жұмысы жүргізіледі.

Жалпы, қыс мезгілі басталғалы бері қаладан қар полигондарына 373 751 рейспен 5,5 млн текше метрден аса қар шығарылған.

Қала тұрғындарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жолдар, тротуарлар мен көшелерге техникалық тұз себілуде. Бұл жұмыстар да тәулік бойы атқарылып жатыр.

Астана қаласының әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен тротуарларда барынша сақ болуға, сондай-ақ қолайсыз ауа райы жағдайында алыс жолға шықпауға шақырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button